Бағдарламалардың орнату пакеттері үшін сертификатты шығару

Бағдарламаның орнату пакетіне сертификатты шығару үшін:

  1. Қашықтан орнату қалтасындағы консоль шежіресінен Орнату пакеттері салынған қалтасын таңдаңыз.

    Қашықтан орнату қалтасы әдепкі бойынша Кеңейтілген қалтасына салынған.

  2. Орнату пакеттері қалтасының контекстік мәзірінен Кеңейтілген тармағын таңдаңыз.

    Нәтижесінде, Орнату пакеттері қалтасы сипаттары терезесі ашылады.

  3. Орнату пакеттері қалтасы сипаттары терезесінен Автономды пакеттердің қолтаңбасы бөлімін таңдаңыз.
  4. Автономды пакеттердің қолтаңбасы бөлімінде Белгілеу түймесін басыңыз.

    Сертификат терезесі ашылады.

  5. Сертификат түрі өрісінде сертификаттың жалпыға ортақ немесе жеке түрін таңдаңыз:
    • PKCS #12 контейнері мәні таңдалған болса, сертификат файлы мен құпиясөзді көрсетіңіз.
    • X.509 сертификаты мәні таңдалған болса:
      1. жеке кілт файлын (prk немесе pem кеңейтімі бар файл) көрсетіңіз;
      2. жеке кілт құпиясөзін көрсетіңіз;
      3. жалпыға ортақ кілт файлын (cer кеңейтімі бар файл) көрсетіңіз.
  6. OK түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, бағдарламаның орнату пакеті үшін сертификат шығарылады.

Басына оралу